«Алтын күз»
ЖШС «Zeine Kids» балабақшасы
«Алтын күз»
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар балалар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Томирис:
Алақай, алақай
Шаттанды балақай.
Күз түсті дән пісті,
Айтамыз алғысты
Жер берді жемісті
Күз келді келісті
Күз байлық береке
Алтын күз мереке
Айару
Күн шуақта маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштармен жамырап,
Ұшты кенет жапырақ
Санжар
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз
Қалада да, далада да,
Жаның бәрі жарқын күз
Дильназ
Ой, балалар, балалар.
Қоңырқай күз болыпты
Қурап, жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.
Дархан
Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
Қарақат
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
Мадиар
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан.
Тәттісі коп не түрлі.
Жүргізуші:
Біздер үйдің күніміз,
Біздер үйдің гүліміз.
Ата анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз дей отыра күз жомарт әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Күз»
Балалар отырады
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
- Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
- бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көп киім
Жаңбыр одан өтпейді
Түймелеуге жетпейді (қырыққабат)
- Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.
1.Екпей егін шықпас.
- Егіндікті күз суар.
- Не ексен соны орасың.
- Жері байдың – елі бай.
Жүргізуші: Алтын күз біздің сұлу қыздарымыздың биін тамашалаңыз.
Би: «Тамшылар»
Жүргізуші: Балалар ,күзде аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады.
(Қоян кіреді)
Жүргізуші: - Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.
Үсті толы ине,
өзін қорғай алады,
домаланып қалады.
Қандай аң?
Балалар: Кірпі!
Қоян: Дұрыс балалар!
Бұтақтан бұтаққа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Балалар: Тиін!
Қоян: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге жемістерді , ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!
Ойын «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Балаларды көрініске дайындау
Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді. Ендеше, біздің балалардың өлең шумақтарын тамашалайық.
Николай
Алтын, сары, қызыл, көк.
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Виктория
Қандай өзі береген,
Алмасын ай, алмасын
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсын
Алинұр
Шаттық жыры
Астық, жыры
Қырман басы думанды,
Қарқынды еңбек, әр күн өрлеп.
Ел ісіне сүисінді,
Балақайлар,
Алақайлап,
Бақтың іші нұрланды.
Арлан
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін сыйлауға
Шақырады біздерді.
Жан
Тербеледі ағаштар
Қызыл, сары атырап.
Сусып жерге түседі,
Алтын түстес жапырақ.
Анелия
Таза жездей жайнаған
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен ,
Күз суретін салам мен
Виолета
Алтын, алтын, сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған әнімізді тыңдайық.
Ән: «Сабантой»
Балалар отырады
Жүргізуші: Балалар, «Күзгі бақшада» Қызанақтан қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенің, сұрап көрейік!
Қызанақ кіреді
Жүргізуші: - Сәлеметсізбе, бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!
Қызанақ Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр. Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
Көрініс: «Шалқан»
Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік.
Күз ханшайымы: - Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің ата - аналарымыз, екі топ жасайтын күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ата аналарды «Күзгі сән үлгісі» ойынына шақырамыз
Ата – аналармен ойын: «Күзгі сән үлгісі»
Ойынның шарты:өз қиялдарынан алдарындағы бар заттармен Күзгі сән үлгісін жасап шығару керек.
(музыка ойналады)
Атрибуттар: жапырақ, қолшатыр, шляпа, дождевик, етік, скотч, қайшы.
Ендеше «Алтын күз-2016» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
Би: « қолшатыр астында»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар,менің әкелген сыйлықтарымды алыңдар. ( Күз ханшайымы, себеттегі жемістерді балаларға береді)
Менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.