Наурыз-көктем !
«Zeine Kids» балабақшасы
Тақырыбы:«Наурыз-көктем!»
Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, ата- әжелер, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Жүргізуші:Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік Ән «Наурыз-көктем!» Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме! Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже! Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық! ҚЫДЫР АТА: Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін. Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын Қайда барсаң жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Әумин! Наурыз Әже: "Наурыз келсе, құт келгені, халайық!" Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу) Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Балапан» тобында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар! Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ. (Ортаға барып отырады) Биден шашу: «Кесе»(қыздар) Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді Қуанышта ел енді Наурыз келді, салтымыз "Көгерсін"деп халқымыз Көшеге тал егеді. Сұрақ-жауап Балалар біз Наурыз мерекесінде көптеген ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеп көрсетеміз.
Сендер қандай ұлттық салт-дәстүрлерді білесіңдер? «Сүйінші», «Ат қою», «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Тоқымқағар»,т.б Би: «Қамшы»(ұлдар) Жүргізуші: Балалр естеріңде болса жасотауға жас сәби келсе оған қандай рәсімдер жасалады? (ат қою, бесікке салу) (Есік қағылып қолында бөпесі бар жас ана мен жігіт кіреді) Амандасады. Здерінің жаңа дүние есігін ашқан сәбилеріне ат қойып бесікке салу рәсімін өткізуге көмектесулерін сұрайды. Дияна әжесі: «Ат қою», «Бесікке салу»рәсімдері өткізіледі. Балаға Наурыз аты беріледі. Алдар кіреді (өлеңдетіп)Мен Алдармын ,алдармын сақалыңды талдармын, Аа,ее,аа,ее,.. Жүргізуші: Е Алдеке қош келдің, тойға дәл келдің отыр, төрлет. Алдеке тойға құр алақан келмеген шығарсың? Алдар: дұрыс айтасыз. Мен сендерге ұлттық ойын ала келдім. «Асық жинау», «Қол күрес» ойындарын ойнатады.
Әжесі: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді) Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тиіңіздер! Ақ мол болсын! Жүргізуші: О әже көп рахмет. Енді осы әдемі құтты дастарханымызға арнап ән шырқайық.
Ән: «Дастархан» Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгінгі өнерлеріңді тамашалап үлкен тойыдың куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар! Жүргізуші: Міне қонақтар, бүлдіршіндер біз бүгін Ұлыстың ұлы мерексі Наурыз мерекесін тойлап арқа-жарқа болдық. Бұл тойдың кейінгі жас ұрпаққа еліміздің салт-дәстүрін діріптеп аманат етеміз. Келешек жастардкі солар аман болсын. Сіз бен біз солардың жақсылығын көре берейік. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Келесі Наурыз меркесіне дейін төрт көзіміз түгел аман отырайық.